Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  69


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Мен сені сүйдім, нұрлы арман...

Мен сені сүйдім, нұрлы арман,
«Бақытым болсаң екен» деп.
Адасып тіке жолдардан,
Тасқа да тиді шекем көп.
Биік шың тұрса алдымда,
Талпындым тағы «Жетем» деп.
Өзіңді сүйіп қалдым да,
Санамды алдың мекендеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу