Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  73


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Көңілде көп-ау көлеңке...

Көңілде көп-ау көлеңке,
Күндерім неге көңілсіз?
Мұңымды шақтым өлеңге,
Мәнді ме өмір өзіңсіз?!
Жүрегім іздеп сыңарын,
Сезімім аңсап шырағын;
Арайлап атқан таңдардан
Өзіңді күттім, шуағым!
Кеудемді бір күй кернеген,
Төгіліп жүрек пернеден;
Жаным-ау менің, дәл сендей
Ешкімді сүйіп көрмегем!
Өзгеше арнау, бүгін ән,
Мен соны іштей ұғынам.
Жадыратады жанымды
Тек сенің жарық шұғылаң!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу