Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  166


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Келіпті-ау күздің күндері...

Келіпті-ау күздің күндері,
Әдемі еді бақ қандай!
Сағыныш толы жанымды
Сары түске бояп жатқандай.
Мазалап талай ой мені,
Өзімше жұмбақ күй кешем.
Жалғызсыраған сәттерде
Табиғатпенен тілдесем.
Сырымды айтып қайыңға,
Жапырақтарға мұң шағам.
Салынып сары уайымға,
Дәл мендей боп жүр қанша жан?!
Махаббат – күрес, тартыс та,
Әйтеуір қамал алдырмас.
Сағынса, енер сары түске
Тағдырым күзбен тағдырлас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу