Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  120


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Шаршап кеттім, жаным-ау, қайда барам?

Шаршап кеттім, жаным-ау, қайда барам?
Самал едің «Айнам» деп аймалаған.
Мәнді еді ғой сенімен бар ғұмырым,
Енді өмір сүрер күшті қайдан алам?!
Шығады көмескілеу күлкім бүгін,
Туар деп ойлады екен бұл күнді кім?!
Бақыт боп талайларға қонған тағдыр
Бермепті маған таңдау мүмкіндігін.
Көңілдің көшетұғын болды уағы,
Шау тартып, шаршаған ой болдырады.
Көңілдің шұрық-тесік киіз үйін
Ақ толқын айдынға кім қондырады?!
Асығушы ем «Әдемі ән салам ба» деп,
Енді әуен ойнамайды маған қажет.
Жүректі қарып бара жатыр бүгін
Қып-қызыл қызғанышқа оранған от...
...Әлде де үміттенем жарық күннен,
«Бір таныс сәуле көріп қалам ба» деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу