Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  95


Автор: Жандос ДЕМЕСІН

ӨКІНІШ

І
Қызарып батты күнім кешқұрым,
Ұқпаңдар мейлі жырымды ешбірің...
Кәрі Каспийдің толқындарынан,
Ақжайық, сенің мұңыңды естідім.
ІІ
Тарқайды қайтіп жанымның шері,
Ессіздер жырдың мәнін білсе еді?
Ұйықтап кетіп оянбады ұлың,
Қайғыға бөлеп, Нарынқұм, сені.
Ақындық дертті ұғар жан қайда?
Берілем жиі күмәнді ойларға.
Гитарасын ап ән ғұмыр тұлға,
Мінбейді енді трамвайларға.
Әнменен айтқан Жайыққа сырын,
Бағасын алмай лайық басының...
Жүрегін жарып елге қалдырып,
Өр ақын кетті ғайыпқа сіңіп.
Миықтан үстем күліп қарады,
Өнерді қайсы ұлықтағаны?
Көкелер көкке созады мойнын,
Ақындар жерге кіріп барады.
Мәңгүрттер бұған қамықпас анық,
Қайтесің басқа дарытпаса құт?!
...Табылды халқы көтеріп барады,
Тірісінде емес... табытқа салып.
Әттең..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу