Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  119


Автор: Аллаберген Қонарбаев

ЖАСТЫҚ ШАҚ

Жастық шақтың жалауы,
Студенттік әніміз.
Бүлдіреміз ауаны
«Бала болып» әлі біз.
Кейді осылай болады
Айқай күлкі, тепкі би.
Асып-тасып жоғары
Кемерінен кетті күй.
Студенттік айлы кеш
Гүлге көмген қыздарды.
Ойламайды қайғыны еш
Сезінбейді ызғарды.
Жастық шақ па жасқанар
Тас қамалды уатып.
Кешірмесе басқалар
Кешіреді уақыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу