Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  119


Автор: Аллаберген Қонарбаев

АСТАНА

Елбасымыз бағыңды ашқан Астана,
Тас түйін боп қауымдасқан Астана.
Төрткүл Әлем төс түйісіп өзіңде,
Құшақ жайып бауырласқан Астана.
Тамылжыған таңы арайлы Астана,
Аппақ арман аялайды Астана.
Жан сәлемін ала келген адамды
Дос-туысқа бағалайды Астана.
Мәңгі жастық жарқыраған Астана,
Шат күйімен шалқыған ән Астана.
Елбасының көзіменен қарайды,
Ер еңбекқор халқың адал, Астана.
Бүкіл елдің жырысың сен, Астана,
Қорғанымсың, құрышым сен, Астана.
Ару қала, арман қала, ән қала,
Сұлулықтың сырысың сен, Астана.
Сарыарқадан сағындырған Астана,
Жаралдың-ау ағын нұрдан, Астана.
Қазағымның қаны ойнайды өзіңе,
Бір сен үшін жаным құрбан, Астана.
Кемеліңе толдың бүгін, Астана.
Қандай ғажап мөлдірлігің, Астана.
Көгілдір ту көк аспанды көмкерген
Құтты болсын он жылдығың, Астана!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу