Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  855


Автор: Аллаберген Қонарбаев

ЗАҢҒАР ТҰЛҒА

Қазақтың кемеңгер ұлы Д.Қонаевқа
Заңғар тұлға, асыл ұлы заманның,
Халқың үшін адал ұл боп жаралдың.
Қазағымның сөзін сөйлеп, Димаш аға,
Кремльдің алдына өзің бара алдың.
Ел мүддесін ерлікпенен атқардың,
Ел есінде мәңгілікке жатталдың.
Республика алаңы мен сарайдың
Талын ектің талай әсем бақтардың.
Қайраткерсің қазағым деп туылған,
Бір өзіңнен сүрлеу жолды ұғынам.
Тәуелсіздік тұлғасы боп қаласың,
Сен тұрасың шын биіктен, тұғырдан.
Кемеңгерсің, керемет ұлы данасың,
Емдегенсің ұлтымыздың жарасын.
Елімдегі естен кетпес істермен
Ғасырларға қарыштап сен барасың.
Димаш аға, елге сыйлы атың мәлім,
Құрметтейді Димеке деп жақындарың.
Тау тұлғаңды талай ұрпақ ұмытпас,
Сен жайлы айтар ойлар халқыңда мың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу