Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  71


Автор: Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН

Көңіл-көлдің тыныштығын тағы ұрлап...

Көңіл-көлдің тыныштығын тағы ұрлап,
Көктем ағып бара жатыр мамырды ап.
Үндемейді маған енді үр ернің,
Гүлдемейді қаладағы қалың бақ.
Жұлдыздармен жаздым көкке мұны мен,
Көк-парақты жаңбыр жуды түнімен.
Сағыныштың дауасы жоқ деуші еді,
Қоштасуды ем білдің бе, шынымен?..
Құлағын сап тұрды-дағы түнгі ыңға,
Үміт-жұлдыз ағып кетті құрдымға.
Түнде жаңбыр жауғаны рас болды –
Құм жастығы дымданыпты қырдың да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу