👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  71


Автор: Мұрат Өскiнбаев

ҚАЙРАН ЖАСТЫҚ

Қайран жастық, қайтейік,
Желпіндіріп желдірген.
Алғысы бар немедей
Көрінгенге телмірген.
Күлместерді күлдіріп,
Берместерді бергізген.
Ел арасын еліктеп,
Өз қатарын ергізген.
Қызғанышты шал-кемпір,
Есігін жіппен кергізген.
Алмай қоймас аңдыған
Жер болса, тесік жел кірген.
Ұят та жоқ, ес те жоқ
Қорықпас өзін ер білген.
Тұғырда болса торықпай
Өзін жүйрік кер білген.
Міндет артып біреуге,
Өзін бойдақ сері білген.
Лайық бұған қызда бар,
Өзінше мұны қызғанар.
Тұрақсыз болса бұлардың
Табаны тайып, сырғанар.
Ой толқыны құбылжып,
Жас баладай ырғалар.
Мінезі құрсын жастықтың
Көрінгенді жұлмалар.
Қайран жастық, қайтейік
Ұйқылы-ояу жатқанда,
Мойнын созып әркімнің
Жатқан жерін тырмалар.
Сөйтіп жүріп шабытпен
Қылықтылардан кім қалар.
Бұрынғы жастық салты сол
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Жігіттік мезгіл арты сол
Елуден жасы асқандар
Бәріңізге белгілі
Не де болса өтті ол.
Бұлаңдаған түлкідей
Шалдырмай кетіп барасың
Қайран жастық, аман бол!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы