Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  88


Автор: Мұрат Өскiнбаев

КӨҢІЛІМ ШАТТЫҚПЕНЕН ШАЛЫҚТАҒАН

Көңілім шаттықпенен шалықтаған,
Жыр-күйді тыңдағандар жалықпаған.
Күнім жаз ешнәрсеге қынжылмаймын,
Туған күн кәсібімді анықтаған.
Жасымнан өнер жолын кәсіп етіп,
Қаумалы әлі керек халық маған.
Ағамыз Ұзақбай мен Сүгір еді,
Шаба алмай болып отыр жарық табан.
Бұларға сексен жақын селкілдеген,
Сол үшін ет азайып арықтаған.
Кешегі отыз-қырық мезгілінде
Аспанға қанат жайып қалықтаған.
Адайда алшақ басқан жүйрік еді,
Халықтың мерекесін шарықтаған.
Өмірдің өтіп кеткен кезегінде
Тер буып шабыстарда қарлықпаған.
Бүгінде үлкен болып көңіл сенді,
Шамадан өтіп кетіп албырттаған.
Ел үшін салып жүрмін көңіл күйін
Сірә жоқ ден сау болса жарлық маған,
Өлмесең барлығың да қартаясың
Кәрілік кездесетін, саған, маған.
Болмайды бір күнгідей көрген қызық
Біреу жоқ дүниені тамамдаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу