Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  114


Автор: Мұрат Өскiнбаев

АХМЕТ ЖҰБАНОВ ҚАЙТЫС БОЛҒАНДА

Айтамын көңілімді қайғырғасын,
Жұртшылық сұңқарынан айрылғасын.
Азбайтын атың мәңгі, алтын денең
Не пайда қара жерден жай қылған соң.
Ахмет, айрылдым ба, ардағымыз,
Халқымнан шауып шыққан саңлағымыз.
Күйзелді көңіліне ауыр алып,
Айнала бүкіл Одақ, жан-жағымыз.
Тудырдың бірінші өнер байтақ елге,
Шығардың еңбегіңді асқар белге.
Туындап көрнекті үлесің бар
Тарады өріс алып шығып кенге.
Өнерің өріс алып кеңіс алды,
Ұландар мәңгі сенен жеміс алды.
Жұбанов Ахметтің мектебінен
Білімін кейінгі ұрпақ тегіс алды.
Өнерлің шарықтадың шыңдарына,
Жол аштың тұңғиықтың таңдарына.
Даңқты айырықша еңбегің бар
Отанның қызы менен ұлдарына.
Ахмет ісіңіз бар ат қалатын,
Шығармаң ойымызда жатталатын.
Өренім, топырағың торқа болсын!
Атың бар жүрегіңде сақталатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу