Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  130


Автор: Мұрат Өскiнбаев

АСТЫҚТЫҢ ЕН БАЙЛЫҒЫ

Астықтың ен байлығы жерімде бар,
Шәрбатты балдан тәтті гүлім де бар.
Еңбектің тереңіне жүщіп жүрген,
Әйгілі топтан озған ерім де бар.
Сәулетті, салтанатты үйім де бар,
Тамылжып сорғалаған күйім де бар.
Көңілді кең пейілді азаматтар,
Дастарха, қонақ етер сыйым да бар.
Береке, қазыналы құтым да бар,
Қой, ешкі, түйе, жылқым да бар.
Құмартқан кім де болса құшақ жайып,
Көңілі кең қазақ деген ұлтым да бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу