Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  69


Автор: Мұрат Өскiнбаев

ОКТЯБРЬ ЖЕҢІСІ

Октябрь жеңісімен шықты үнім,
Сайрады еркіндікпен қызыл тілім.
Әлемге нұрын шашып шырай берді,
Жарығын мұнар басқан ай мен күнім.
Бастаған Компартия жолыменен,
Біз көрдік жаңа заман қызық түрін.
Тамаша қуанышқа қолы жеткен,
Кім көрді бұл дәуірді бұдан бұрын.
Бұл күнде ел жаңарып, жер жаңарып,
Сарғайған сыр даланың аштық сырын.
Еліміз қуаттанды, қанаттанды,
Ұмтылып зор мақсатқа талаптанды.
Топтанып партияның туы астында,
Халқымыз қаруланды, қайраттанды.
Бөлендім рахатқа қойным толы,
Гүлденген ең байлықтың бізде молы.
Жеткізген қолымызды бұл дәуірге,
Маркс пен Лениннің ұлы жолы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу