Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  95


Автор: Мұрат Өскiнбаев

АЛАТАУ

Алатау, асқар асау, төбең биік,
Тұрады шың-құздарың бұлтқа тиіп.
Бауырында орман-тоғай, алма ағашың,
Теңелген самалыңа басын иіп.
Табиғат байлығының бәрі сенде,
Орныған алқабыңа түгел сыйып.
Әйгілі аймағыңа Алатаусың,
Қойныңды қоныс еткен халқың сүйіп.
Жолсыз бір кең жотаңда жортып жүр.
Ғажайып тау тағысы арқар, киік.
Алтын дән ақтарылған егісің бар,
Бақшаңда аулан түрлі жемісің бар.
Сан өзен сайды қуа сылдырайды,
Сол судан сусындайтын тегісің бар.
Төліңнен төбеңде өскен түлігі ме,
Көк майса көк орайлы өрісің бар.
Мол байлық сарқылмайтын бәрі бізде,
Алқабың ойын-сауық жазда бізге.
Биік шың, сен асқарлы Алатауым
Әйгілі жер атандың өлкемізге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу