Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  281


Автор: Мұрат Өскiнбаев

СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ АЛПЫС ЖАСҚА ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ

Мұқанов, құттықтаймын алпыс жасты,
Өнерлі өр өлкесін өрлей басты.
Қазақтың дарындысы, тіл шебері,
Даңқыңыз заманында дабыл шашты.
Бері қарай коммуниссің төңкерістен,
Қоғамды қорғау үшін сен күрескен.
Тартысып тап жолынан жігер алып,
Келесің қажымайтын алып күшпен.
Уа, Сәбе, араладың, алыс жерді,
Көрдіңіз көзіңізбсн талай елді.
Көз салып әр бұрышқа келіп тұрсың,
Сан ұлтта болып жатқан өмірлерді.
Жеңістсн жеміс тусын тілегіміз,
Бөленді қуанышқа жүрегіміз.
Шалқи бер шабыттанып шың басына,
Алғысты жасай бер деп береміз біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу