Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  65


Автор: Мұрат Өскiнбаев

ДОМБЫРА ӨЛЕҢ

Жүйріктей сан бәйгіге салған баптап,
Жасымнан күй тартқанмын өлең жаттап,
Шалқытып шабытпенен ән шырқаймын,
Еңбектің елін мақтап, ерін жақтап,
Сөйле сен домбыраның екі ішегі,
Құйқылтып күй төгілсін шешен тақ-тақ.
Күйшінің, әншінің де арманы осы,
Үмітін тыңдаушының шықса ақтап.
Домбыра салтанатты көркем өнер,
Халықты сүйсіндірер, көңілін бөлер.
Шалқытып шаттық күйді тартқан кезде,
Құлағы көпшіліктің тәуір көрер.
Соңына бұл өнердің түсушілер,
Жігерлі ықыласпен еңбектенер.
Шыға алса шеберлікпен шынайылық,
Жұртшылық тыңдағысы келе берер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу