Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  73


Автор: Мұрат Өскiнбаев

ЕЛ ТІЛЕГІ

Елімнің туысқандық тілегі бар,
Жаңа өмір, бірлік-достық жүрегі бар.
Сөз беріп бір ауыздан қабылдайтын,
Алып күш, адал еңбек жігері бар.
Съездің қабылдаған қаулысымен,
Табыстан табыс қаулап өнері бар.
Күнбе-күн өркендейтін еліміз бар,
Ашылған тың өлкеміз, жеріміз бар.
Байлықтың іріленген көзін тауып,
Суалмас қайнар бұлақ кеніміз бар.
Қажымас қызулы екпін арамызда,
Үлгілі даңқы шыққан еріміз бар.
Үлгілі еріміз бар асқан қайрат,
Жарыста озып шыққан еңбек қайнап.
Ерлердің миллиондап озаттары,
Күнбе-күн көрініп тұр гүлдей жайнап.
Жылма-жыл Отан үшін міндет алып,
Беріп тұр шын жүректен сенім байлап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу