Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  203


Автор: Мұрат Өскiнбаев

БЕЙБІТШІЛІК ТУРАЛЫ

Мақсаты еліміздің – Бейбітшілік,
Күшейтіп жер жүзінде достық, бірлік.
Жеңілмес партияның туын ұстап,
Қолдандық адамзатқа жасау, тірлік.
Іргесі біздің елдің мықты қамал,
Ғаламды жарық қылған нұрлы самал.
Елімнің техника табысымен,
Халқымның алда тұрған мақсаты бар.
Сондықтан еңбекшінің міндеті үлкен.
Жолымен партияның алып барар,
Еңбектің миллиондай ері шықты,
Қайтпайтын өткір алмас тауды жарар.
Жүргіздік тап күресі ұрандарын,
Иелендік өмір сүру құралдарын.
Кең түрде саясатым жеңіп келед,
Жаулардың жасап жүрген лаңдарын.
Үнемі басшылығын беріп отыр,
Бастаған Компартия қырандарым.
Тойтарадық абыржыған ақымақтарды,
Жандырып жер жүзіне бейбіт шамын.
Бастаған марксизм-лениннзм,
Түзеді жолдан тайып ауысқанын.
Әлемге нұрын сеуіп жарық беріп,
Ұстадық колға туын партияның.
Бүкіл ел бостандықтың тендігі үшін,
Біз көрдік капиталмен алысқанын.
Теңдікке үлгі болған біздің совет,
Күтеміз келешектің табыстарын.
Бейбітшілік дәуірін орнатуда,
Нығайттық партияның жаңа штабын.
Елімнің берік қолда алтын Туы,
Қиратқан шабуылдап тап дұшпанын.
Жолымен марксизм партияны
Бастаған Лениндей данышпаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу