Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  192


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ЖЫЛАМА, ҚҰРБЫМ!

Көздің жасы бақытқа бал ашпайды,
Қуанышпен қашан да талас қайғы.
Шарасындай шаттықтың мөлдіреген
Жанарыңа мұңлы жас жараспайды –
Жыламашы, жан құрбым, тағдыр сенің
Торғай-жүрек жаныңмен санаспайды!
Шуағындай көктемнің күлімдеші,
Сұм-өмірдің сынынан сүрінбеші,
Тән емес қой қыздарға жылап өту
Ен даланың еркелей гүлін терші.
Жыламашы, жан құрбым, жылар болсаң
Өмір екен өрнекті мұның несі?!
Тілегіңді тіршілік құп алмады,
Түлкі-тағдыр табалап мың алдады.
Түсінсем де мен сені жүрегіммен
Үнсіз ғана аяумен тынам-дағы.
Көз жасыңды сүртем-ау, расында
Керек еді жаныңның жұбанғаны!
Жылама, құрбым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу