Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  245


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

АҚТАУ-АРМАН

Маңғыстау – маңғаз түбегім,
Кие бар мұнда білемін.
Сол дала құтты төрінен
Ақтауым, ақбоз түледің!
Толқыны ұрып жағаға,
Қалқыған көкке шағала.
Каспийдей ғажап таппайсың
Әлемді шарлап арала.
Алыстап кетсем аңсадым,
Сағыныш баурап, науша мұң.
Меңіреу қара тасыңа
Теңгермес едім хан тағын.
Балқыған баққа бесігім –
Әйгілі шетке есімің.
Шөл жердің берген шырайын
Оазис десем несі мін?
Талайдың болдың арманы,
Талайдың болдың ән-бағы.
Бір келген жандар қайта алмай
Мекен ғып сені қалғаны...
Табаны берік тұғыр-дің,
Алқа ғып саған жыр ілдім.
Өткені сенде дұрыс-ау
Берілер бір рет ғұмырдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу