Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  84


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ

Түсім бе, әлде өңім бе дедім,
Орнаған жұмақ бақ тамып маңға.
Күлімдеп тұрып төрімді бердім
Алғашқы елші – ақ мамық қарға.
Асығыс жинап шатырын жаңа,
Күз кетті налып, алмасып бақұл.
Қыстайтын қонақ ақырын ғана
Жантая түсіп, жайғасып жатыр.
Келді ерте дедік, қыс әнін сала,
Көктемнің аулы дестік алыстар.
Айқара ашып құшағын дала
Қауышып жатыр ескі таныстар.
Сүйкімді әзір, сыпайы қандай
Құдайы қонақ бесінде жеткен.
Былтырғы долы құқайы, ойбай
Аңыз боп көптің есінде кеткен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу