Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  111


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ДОСПЕН АЙРЫЛЫСУ

Толқып жатқан теңіздің іргесінде,
Танысқанбыз көгалды көктемеде.
Енді күздің нөсерлі бір кешінде
Қоштасамын. Сен маған өкпелеме!
Сезімсіздеу сөздерің сілкіп қалып
Танымымның түндігін түріп кеткен.
Жүрегімнің жалыны шалқып барып
Басқа жаққа жылуын бұрып кеткен.
Адалдыққа еркелеп манаураған
Шын достықтың тәттісі- мәнділікте.
Ақ таң тілеп алдыңнан алаулаған
Күліп тұрып қоштасам мәңгілікке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу