Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  274


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

АҚТАУ

Бір кезгі ақын арманы болған бал құрақ,
Шаншып ап көкке күмбезді төсін,сән құрап.
Жетелеп кетті арманға толы ақ жолды
Өзіне қарай тартып ап.
Тұлғасы- тұлпар май тұяқ қала ерекше,
Алқынған күймен адымын артты белеске.
Көк теңіз- көйлек, ақ желең толқын етегі
Періште қала емес пе?
Шағала үйлер қанатын жайды құлшынып,
Таранды тақыр таз шекесіне бүр шығып.
Ұмтылып қалып аруға ауып аңсары
Көк теңіз жатыр күрсініп
Фонтаны болып шалқыды мендік ағып жыр,
Жерге кеп орнап жұлдыздар төкті жарық- нұр.
Жақыннан емес, алыстан шарпып ыстығы
Жастықтың оты жанып тұр
Ақтауым менің, ақмаржан қала ақмаңдай,
Күн келіп күліп, ес-түссіз сүйіп жатқандай.
Мұнараларға мінгесіп тұрса мұраты
Мақтанбай қара мақтанбай!
Білу де қиын сауалдың сырын ашып мың,
Теңіз бе, мен бе, аққу ма, күн бе-ғашық кім?
...Айдынға іңкәр аққудай болып алқынып
Ақтауға қарай асықтым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу