Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  71


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ТОПАСТАР ТАБАНЫНДАҒЫ ТАҒДЫР

Жұлдызды көріп аспанда
Телміре қарап қызықтым.
Жылтырақ екен жай ғана
Жылуы жоғын кеш ұқтым.
Тірлікке тылсым тұңғиық
Тек қана менде сүйіну
Тауларды көргем тым биік
Жоқ екен онда иілу.
Су сепкен өлі күлге де
Үмітпен қарап үрлеппін.
Құлпырған қызыл гүлге де
Тікенек барын білмеппін.
Аязды тірлік шатынап
Шекеме тиіп ес білдім.
Екі аяқты да ақымақ
Албасты барын кеш білдім...
Балшыққа батып батпандап,
Аңсадым өмір күнгейін.
Топастар жүрсе талқандап
Тағдырды қалай тілдейін?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу