Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  71


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ЖҮРЕК ҮНІ

Бақытым емес, мұңым боп
Бейуақта неге жолықтың.
Тап болдым күйге бұрын жоқ
Кеудеме шерлі толып мұң.
Шын өмір қайсы елеспен,
Айыру қиын түсімдей.
Шықпайсың өзің түк естен
Жүремін түкті түсінбей.
Жазылмас шерді тарқатар
Шемен боп қатқан жәйт еді.
Көрінбей көзге аңсатар
Арманым болсаң қайтеді?
Жұбатып жүр ем өзімді,
Мендегі керек мұң кімге.
Сен келіп бұздың төзімді
Мұныңды, сірә білдің бе?
Жалығып аппақ тілектен
Үміттер өшіп жоғалған.
Бір саған аңсар жүрекпен
Өмірден өтсем, жоқ арман.
Сезімнің жоқ қой өлшемі,
Көз жасқа тағдыр қарай ма?
Ұнатам рас мен сені
Осыны білші, жарай ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу