Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  78


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ҚОРҚАУЛЫҚ

/парақорларға /
Тірліктің тұншықтырды тасқындары,
Жаныма жайсыз тиді тас құндағы.
Жанымды жұлқи тартты тұс-тұсынан
Өмірдің қарау ниет қасқырлары.
Тап келгенді жұмарлап жамбасына,
Тыққылайтын құлқынның дорбасына.
Қасымдағы екі аяқты қасқырлар бар
Жетерлік қорқаулығы бір басына.
Түртпектеп тірлігіңді күндей бермен,
Кейпіңнен көз қорқады дүлейленген.
Қаптаған қасқырларға жем болар деп,
Ей, қозым, өзің үшін үрейленем.
Табынып тірлік еткен тоқпағына,
Әйтеуір сол шіркіндер ырысты екен.
«Ебін тап та екі аса» шақта мына
Бәрінен қорқау тірлік дұрыс па екен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу