Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  99


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ЖЫРЫМ – МЕНІҢ ЖАНАЙНАМ

Ей, адамзат, тыңда мені ұғынғын,
Бұрдым басын саған тағы жырымның.
Менің жырым жарапазан жаршысы
Ізгілік деп аталатын ұғымның.
Жыр жазамын, алайда
Міндет емес,
Мадақтау мен мақтауды,
Айыптау мен даттауды,
Өлеңімде өрнектеу.
Ақымақ пен имансыздың керісін,
Жел ұшырған жезөкшенің жүрісін,
Пендешілік атаулыны мәпелеп
Жыр –бесікте жөргектеу.
Қайтем жырлап татымы жоқ басқаны,
Халқым, сенің-амандығың, бүтіндігің, бірлігің


Менің жайсаң жырларымның бастауы.
Болса егер мұң-мұқтажың, қуанышың, қайғыңды
Жырлай алсам, менің жырым сонысымен айбынды!
Махаббатты, адалдықты, пәктікті,
Кең әлемді әлдилеген шаттықты,
Жомарт Жерді, Бейбіт Күнді, Аспанды
Шырқай алсам, міне, осымен менің жырым асқарлы!
Жұртым егер жабырқаса, бір сүйем
Жырларыммен жамалса деп жыртығы
Ойлап жүріп, жырлап жүріп жылжумен
Түк бітірмей өтіп кетсем - күлкілі!
Менің жырым- сенің түйткіл тірлігіңің дүмпуі,
Менің жырым –сенің адал құлқыныңның жемтігі.
Сөз-сойылын сілтемес болсам сен үшін
Өлермендікпен арғымақ –жырдың
жармасатұғын жалына
Өлеңде қандай құным бар?
Ұғыңдар мені, ұ ғ ы ң д а р !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу