Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  92


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ӘКЕМЕ ХАТ (студент хаты)

Бақытым бар – ау өлшеусіз
Мастанып кетсем , ұғынғын.
Әке, өзіңмен мендік ғұмыр –гүл.
Сағынған сәтте өзіңді
Көкірегімде күмбірін қақты құлын – жыр.
Өргізіп қойды, жетектеп алып атыңды,


жәйменен шарлап құм ішін,
Дем алмай бір сәт біз үшін ,
Жапан даланың күзетшісіңдей қалқиып
Аман-сау, әке, жүрмісің?
Татсаң да талай зәһарлы дәмін азаптың
Қайсарлығың мен адами арың ғажап тым.
Қамшысын қыса ұстап, салалайтын сақалын
Сен бе екенсің ,қасиетті қара шалы қазақтың!
Сағындым сені , алаңсыз өткен сәбилігіме жүгініп,
Тек сенде екен-ау, жылылық пен ұлылық.
Көкірегіңді мақтаныш кернеп, ежіктеп
Отырсың ба екен жырыма менің үңіліп.
Жымисаң бір сәт шаттыққа мен де кенелем
Тәп –тәтті әлем, айналам арай, аппақ нұр.
Күлкіңмен ғана бақытқа мені бөлеген
Бойыңда сенің ешқашан, ешкімтаппаған
Қасиет бар – ау ғажап бір !
Кеудемде маздап арманның оты ақ алау,
Шалғайда қалып мәуелі гүлзар жағалау,
Қара шаңырақтың қонақтай алмайығына,
Алыстап жүрсем шығыңа -
Қанатымның қатайғандығы шығар – ау !
Тарығып келсем, ашылып алдан есігің,
Төріңде менің тербеліп тұрар бесігім.
Қамқоршым барда арқамды сүйеп алаңсыз
Еркелей басып, алшаңдап жүрсем несі мін?
Ойланба, әке, санаңда сансыз сергелдең сұрақ сенделіп,
Көзді алдар көркем
көбелек көрсем кетпеймін, анық, мен еріп.
Дәл сендей арыс әкенің қызы болған соң
Хақым жоқ менің адалық жолдан аттауға,
адамдық арды таптауға.
Бойымнан егер жылт ете қалса пенделік,
азаматтығыма жеңдірем,
Бұлыңғыр жаққа алып-ұшып тұрса асаулық,
ақылыма оны көндірем.
Жолыңа менің алаңдай берме жәутаңдап,
Балапан үніммен шырылдап тұрып ,жан әке,
Осыған сені сендірем !
Былдырлап сөйлеп , сүрініп,
Соғысқа кеткен әкеңнің
артында қалған нұр-үміт,
Бүгінде абзал атасың
Немерелерің томпаңдап
Соңыңнан ерген жүгіріп.
Бақыттың құсын қондырып қойып
түндікке,
Отыратұғын шақырып бізді еңбекке адал,
бірлікке.
Тірі бол, әке,
Тірі бол, әке,
тірі бол,
Өзіңдей асыл адамдар керек тірлікке !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу