Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  143


Автор: Гүлнар НАУЫРША

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЖҮРЕГІ

Жаңара бер, жасара бер, Ақтауым,
Маңғыстаудың маң қаласы- мақтаным.
Өзіңменен бірге менің жолдарым,
Өзіңмннен бірге атады ақ таңым.
Түбектегі ару қала, гүл қала,
Жайна, жайна, көркейе бер, бүр жара.
Уақыт көші сені артқа тастамай,
Өркені өсіп, өркендесін ел жаңа.
Ел жаңарса, болашағы көгерер,
Қалың жұртың қуанышқа бөленер.
Әулиелі жердің ғасыр байлығы,
Сен арқылы шартарапқа жөнелер.
Сен боларсың- Маңғыстаудың жүрегі,
Сен боларсың қазыналы ел тірегі.
Сол биікке жету үшін ұрпағың,
Еңбек етсін, қолдан түспей күрегі.
Жасара бер, жаңара бер, ақ қала,
Әрбір жанға бақ сыйлаған шат қала.
Сұлу сезім құшағында тербеліп,
Жырға қосам мен өзіңді шаттана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу