Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  225


Автор: Гүлнар НАУЫРША

МАҢҒЫСТАУ

«Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» Маңғыстау,
«Құпия өлке, ғажайып неткен»-Маңғыстау.
Біле алмас бірақ ешкім де сенің сырыңды,
Содан ба екен көздерін тіккен жырынды.
Ғасырлардан аңыз қалған Маңғыстау,
Алтын жылға, абыз тұлғаң Маңғыстау.
Қойнауыңа ен байлықты жасырып,
Ұрпағыңа жаңа із болған Маңғыстау.
Алты алашқа аты өрлеген Маңғыстау,
Ал біреулер «жат ел» деген Маңғыстау.
Күмбездерің күмбірлеген Маңғыстау,
Жүрегімде дүбірлеген Маңғыстау.
Терең-терең жырларың дүр Маңғыстау,
«Елім!» деген ұлдарың жүр, Маңғыстау.
Қиын кезде бір өзіңе сыйынып,
«Әулие Бекет, қолдағын!»-дер Маңғыстау.
Жарқыраған маңдайыма Маңғыстау,
Құпияңнан айырылма Маңғыстау.
Маған солай сыр айтады замана,
(Керуен жол, кесенелер- дағара),
«Солай!»,-деп тұр,
Мына тамдар, сағана!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Фатима бұл өлең маған ұнады
Бұл өлең өте әсерлі болады. Әрі мағынасы бар. Маған ұнады?

Пікір жазу