Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  82


Автор: Гүлнар НАУЫРША

БЕКЕТ АТА

Бардым Ата басына,
Қарадым биік тасына.
Тіл қатқандай ол маған,
«Батыл бол, қызым, жасыма!».
Дін мұсылман келеді,
Сізге сәлем береді.
Аруағыңыз жан Ата,
Желеп-жебеп жүреді.
Мединеде-Мұхаммед,
Түркістанда-Қожахмет.
Маңғыстауда-пір Бекет,
Деп сыйынып баршасы,
Үлкен-кіші, кәрі-жасы,
Құран-Кәрім оқиды,
Өсиетіңді тоқиды.
Сізден жәрдем күтеді,
Күн-түн демей жетеді.
Жанына медет сұрайды,
«Күнәмді кеш!»,- деп жылайды.
Қайта-қайта келеді,
Шапағатыңа сенеді.
Рахым қылып қолдасаң,
Бәрін де Ата жеңеді.
Өзіңе кием табынам,
Табынам және жалынам.
Мінәжат етер ұрпағың,
Түсіре көрме, тағынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу