Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  57


Автор: Бесінбай Бегеніш

ОРАЗМАҒАНБЕТТІҢ ТҮСІ

...Ер салынған үстіне,
Иесіз қалған кер төбел.
Түнде еніп түсіме,
Өзегімді өртеген
Сұр жылан жылтып өлкемен,
Дін, тілімді арбаған...
Шошыдым содан ерте мен
Барар жер іздеп қарбанам.
Зұлымдар келіп маңайға
Жан-жағымды торыпты...
Алып қашар сан ойға
Әркімге түсті жорытты.
Кітап, білім тас басып,
Түсінен қатты қорықты,
Туған жермен қоштасып.
Пірлерімен жолықты...
Жақсылық етер жақынмен
Күдер үзіп торықты,
Жаманнан жау тақылмен
Қиянға салды жолықты!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу