Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  74


Автор: Бесінбай Бегеніш

ТЕМІРҚАЗЫҚ МАҢДАЙДА

Таңдайым қатып тас бауыр шөлде туғанмен,
Табаным жарық, қозы – лақ талай қуғанмен,
Табиғаты қатал, кем болмай көппен жетілдік
Көк алда өсіп , келмекпін бетін жуғаннан.
Жарылған ерін аңызғақ шалған жүзімде,
Жететін бізде қиындық болса ,төзімде,
Туған жер бізді қаталдығымен қатайттың
Қаңтардың атты тұңғиық жатқан сезімге.
Алайда біз қатігездікке бармадық,
Қиянат деген жатпайтын бізде арбалып,
Еркектерше кездесіп иық тіресіп
Ар – намыстар тұрды қорғалып!
Қаңтарған атпен таң асырып тақымда,
Жол азық деген – жарты құртың таңдайда,
Қиындық қимар тулағанмен жығылмай
Жаңылмаппыз. Темірқазық маңдайда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу