Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  62


Автор: Балта Қосбармақ

Серілік заңы...

Серілік заңы (сөз бар ма):
Қуан сен,
Шаттан ауылдың тайы озғанға!
Бөрілік заңы:
Қолыңды күнге созғанда
Іліп түспесең, қозғалма!
Ерліктің заңы:
Шоқпарды қолың көтермес
Беліңе байлап не керек?!
Тірліктің заңы:
Борыш, қарыз бар өтелмес,
Тек адам оны ғұмырын беріп, төлемек.
02.04.1983 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу