Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  76


Автор: Балта Қосбармақ

Алматы, мұқағали және мен

Есебі жоқ сенде айтылған жырлардың,
Есебі жоқ сенде өткізген жылдардың.
Құрманғазы, «Целинныйда» тұрғанмын,
«Чудесница» кереметін көрдік қой,
Бағын сынап Ботаникалық бульвардың.
Тосты маған сыра аулын, жыр да аулын,
Алма-кезек сыраға аудым, жырға аудым.
Айбергенов өлеңдерін жатқа айтып,
Дуылына дуыл қостым «Думанның».
Пәтеріме түнде талай кеш кірдім,
Қалдырғам жоқ көңілін мен ешкімнің.
Қысқа жібі күрмелмейді тірліктің,
Келер менің
Дархандықтың даусы болып естілгім.
Өтті біздің талай күндер Тастақта,
Тастақты айтсам, кетер жыр да асқақтап.
Біздің өмір – бөтелкелер босаған,
Қолымда бар формуласыз бос тақта…
Дүниенің төрт бұрышын кезді де,
Албырт көңіл,
Алдында орды сезді ме?
Жастығым ба,


Мастығым ба – білмедім,
Тастап кете жаздадық қой көзді де!
Құнын сенен,
Сенен ғана сұраймын,
Мұқағали, сенде өткізген жылдардың.
Күлме маған,
Көлгір сыра, күлме сен,
Мен бәрібір маңдайыңа сыймаймын!
16.04.1982 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу