Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  105


Автор: Балта Қосбармақ

Ізгілікке іңкәрлік

Көрінші маған,
Қайдасың, менің шынарым?!
Толқытшы менде жыр-ағын.
Мөлдірің болып тұнайын,
Күн болып күліп тұрайын,
Шығарып әлем шырайын.
Қайдасың, менің сыңарым?!
Көрінші маған, сыңарым!
Осыны ғана сұрадым.
Өмірде не көп – жамандар,
Сондықтан кейде болам дал,
Сондықтан көңілім алаңдар.
Дейсің бе маған, адамдар,
«Балтабай, мынау жалаңды ал,
Келетін нұрлы заман бар»?!
Әртүрлісіңдер, адамдар!
Өмірім менің өтуде
Ызғырық желдің өтінде.
Мен – жабайы адам күркесі
Жартастың қия шетінде.
Жауларым құмар секілді
Түбіме менің жетуге.
Өзің де бірге кетерсің,


Тебем деп мені секірме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу