Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  110


Автор: Балта Қосбармақ

Арманым үшін күрес жолындамын

Арманым үшін күрес жолындамын
Менің де маңдайымда сорым қалың.
Бағымды бастан теуіп кетсем-дағы,
Әмірін Ар-Намыстың орындадым.
Бұйырмыс ақ Батадан қонса бөлек,
Бақыттан бола қоймас онша дерек.
Маған да: «Бақытты бол!» деп үлкендер,
Маңдайдан көп сипаған болса керек.
Алқынып қиясында талай өрдің,
Малтығып жетегінде балаң ойдың;
Көзбе-көз көріп тұрып Бақыт құсын,
Езіліп ет-жүрегім қала бердім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу