Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  64


Автор: Балта Қосбармақ

Кейбір елдің адамдары жоғалтса бір минутын...

Кейбір елдің адамдары жоғалтса бір минутын,
Кейбір елдің адамдары жоғалтады бір күн-түн.
Кейбір елде бақытпенен зая кетсе бір сағат,
Кейбір елде сан мың сағат қайғы мен мұң тұмшалап.


Кейбіреулер өкінеді – жоғалса бір секунды,
Біреу сан күн жоғалтуды тілейтін де секілді.
Бір-біріне теңеу тіпті тұрса-дағы қосылмай,
Тіршілікте кездеседі күйкі ұқсастық осындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу