Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  84


Автор: Балта Қосбармақ

Ана

О, Ана!
Анасың сен күллі адамға,
О, Ана!
Патшасың сен бұл ғаламға.
Не жетсін,
Уа, шіркін, бір өзіңді
Ардақтап, қасиеттеп жырлағанға?!
Жырының арқауысың ақындардың,
Пірісің сыйынатын батырлардың.
Өзіңсің әлемге ай боп,
Ақ нұр шашып,
Күншығыс көкжиектен атырған күн.
Ардақты азаматқа, Ана, атың,
Өзіңді қосты жырға талай ақын.
Сонда да жеткізе алмай келеді олар
Ананың шапағатын, махаббатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу