Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  670


Автор: Балта Қосбармақ

Ей, құрдастар!

Ей, менің құрдастарым!
Туған елдің
Түзу ұшқан түтіні нұрлы аспанын
Кернеп кеткен,
Жыр боп неткен
Тыңдайықшы ғажайып Тың дастанын!
Сонау жылы бізсіз-ақ
Тың даланың бойына нәр жүгіріп,
Қиындыққа өзгелер салды құрық.
Сонда біздер түк те іс жасамадық,
Жапан дала жатқанда жаңғырығып.
Құла түздер өміршең үнге толып,
Байтақ халық жатқанда Тың көтеріп –
Сонау жылы дүбірлі,
Біз, әрине,
Үндей алмайтын да едік,
Үндемедік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу