Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  86


Автор: Балта Қосбармақ

Қыр мен гүл

Жаздыгүні құлпырып қыр қалады,
Түрлі гүлдер төсінде ырғалады.
Жаздыгүні нұр жайнап қыр тұрады,
Түрлі гүлдер төсінде құлпырады.
Күздігүні құлазып қыр қалады,
Гүлдер солып, баурайы сұрланады.
Күздігүні құлазып қыр тұрады,
Төскейіне оның да мұң тұнады.
Күздігүні мұңайып гүл қалады,
Қурап, солып, жүзі де сұрланады.
Күздігүні мұңайып гүл тұрады,
Қурап, солған жүзіне мұң тұнады.


Бар табиғат көктемде құлпырады,
Ал өмірдің күзінде қартаяды.
Адамдар да тірліктен күдер үзсе –
Өмірінің базары тарқағаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу