Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  58


Автор: Балта Қосбармақ

Қысқы кеш

Қысқы кеш.
Естіледі
Даладан қыстың әні.
Естіртпей ештеңені,
Долы жел ысқырады.
Көшеді қарлы құйын –
Жылан-Жер бауырлайды,
Ойнайды зарлы күйін –
Тартқан жан ауыр қайғы.
Жалықтым тыңдай-тыңдай,
Соғады ішін тартып.
Тіпті ол тынбайтындай
Алмай әл-күшін сарқып…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу