Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  81


Автор: Балта Қосбармақ

Жаңа жыл

Қаңтардың аязында
Боранмен бірге, міне,
Оралды Жаңа жыл да,
Бақыт ап күллі еліме.
Кенелтіп тамашаға,
Оралды қармен бірге.
Шаттанды ел – бала-шаға,
Шаттанды шал-кемпір де.
Тысқа үйден шығармаған
Қыспенен араз бала


Ойнайды құмарлана,
Қарамай аязға да.
Түсіріпті әбігерге,
Ауыртар салқынға да
Шаттанды кәрілер де,
Танытып жарқын қабақ.
Сезбейді ел аязыңды,
Ойнайды, қар атады,
Күлмеңдеп таң атады.
Себебі, ол – Жаңа жылдың
Жаңа аяз, жаңа таңы.
Оранып аппақ қарын,
Күтініп жатқан қырға
Жаңа жыл кетті аттанып,
Тез жетіп, шаттануға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу