Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  77


Автор: Балта Қосбармақ

Қарашы мынау ақ таңға!

Жаңа Жыл келді!
Тұрармыз қалай шаттанбай,
Ақ таңда мынау көңілдің кірін ақтармай?!
Ақ Күлкі,
Аппақ Бақыттар,
Аппақ Армандар
Аспаннан жерге жауып тұр көбік ақ қардай.
Аппақ қар болып әлемге жауған бақ, құттан
Алуға үлес адамдар анау аптыққан.
Ақын боп мен де арнаймын ақ жыр жүректен
Жарыла жаздап шаттықтан.
Арман боп асыл, ақ Бақыт болып атқандай
Ай дидарындай алғашқы мынау ақ таңды-ай!
Аспаннан Жерге жапалақтаған ақ мамық
Айналып аппақ ізгіліктерге жатқандай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу