Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  74


Автор: Балта Қосбармақ

Нөсер

Ызғарлы жел бұлтты айдап кеп құтырып,
Найзағайлар жарқылдай көкті тіліп;
Дала – бейбіт қалаға төнген жаудай
Қара нөсер сатырлап өтті құйып.
Қорғаушылар – бұта, шөп,
Дала – қамал,
Жау оғындай тамшылар сабалаған.
Нөсер кетті,
Жайнаған жазирадан
Кәрлі жаудың тойлаған жеңілісін
Аңғарам мен бейбіт ел көрінісін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу