Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  80


Автор: Балта Қосбармақ

Күзгі мұң

Күз де келді,
Сұрғылт тартты атырап,
Ағаштардан жатыр түсіп жапырақ.
Себелеген ақ жаңбырдан күн-түні
Су-су болып, дымқылданды топырақ.
Жазғы күндер алыс қалды, тым жырақ,
Тұр дүние,
Тұр табиғат тұнжырап.
Бақтардағы соңғы гүлдің басына
Шық қоныпты –
Тұрған болар гүл жылап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу