Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  81


Автор: Балта Қосбармақ

Жазғы түн

Жазғы түн – керемет түстегі,


Қайғырма,
Қызықтап өткізген уақытқа.
Созылған ақтаңдақ «Құс жолы» –
Жеткізер жолдардай бақытқа.
Жазғы түн.
Көктегі айдың да
Мүсіні түсіпті сәндене.
Түнгі аспан – қаракөк айдында
Жеп-жеңіл сырғиды Ай-кеме.
Жазғы түн.
Кең аспан төрінен
Жұлдыздар қарайды сығалап.
Келуге шама жоқ берірек,
Жақын кеп көруге құмар-ақ.
Тап мынау жұлдызға аз күтім,
Сонда да тұрғаны жарқырап...
...Жүрекке осынау жазғы түн
Сиқырлы суреттей қалды ұнап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу