Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  74


Автор: Балта Қосбармақ

Айтшы, кімге қарайлаймын, қараймын?..

Айтшы, кімге қарайлаймын, қараймын?
Ұлымын ғой ақкөз батыр Адайдың.
Түк емес-ау өзге мұңы өмірдің,
Шын досы жоқ адамдарды аяймын!
Ойлап қалам, ойлап қалам мен кейде:
«Бұл өмірде жоқ-ау одан шерменде».
«Бақыттымын» деп сезінем өзімді –
Бір досы жоқ біреулерді көргенде.
Өмір деген деп ойлама: «құр елес»,
«Өмір» деп тек біреу жыртып жүр өңеш.
Шын досы жоқ бақытсыздық қасында
Өзге бақытсыздық деген түк емес!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу