Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  85


Автор: Балта Қосбармақ

Атақоныс, ақ мекен, ақ босағам!..

Атақоныс, ақ мекен, ақ босағам!
Арнаймын жыр аңсаған шақта саған.
Тірлік түгіл, тыншыр ма қабірінде
Атақоныс астында жатпаса адам?!
Ақ босағам, ардақты ақ мекенім!


Жайылмасын арамза жатқа төрің.
Айта алмаймын «артық» деп сенен түкті,
Бақыт тегін сен барда, бақ та тегін!
Алқабыңда аунаған туған жерім!
Ақтарыла ардақтап жырлар ма едім:
Асыл затың, атыңды аспандатар
Бәлкім, жырым айтылмай тұрған менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу